Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Совмин" ауруханасы жыл соңына дейін жалпы сомасы 300 миллион теңгеге операциялар жасайды

23 Қазан 2014, 15:56
0
Қайрат Кәрібаев. ©Әлішер Ахметов
Қайрат Кәрібаев. ©Әлішер Ахметов
Жүрек операциясы. ©Әлішер Ахметов
Жүрек операциясы. ©Әлішер Ахметов
Жүрек операциясы. ©Әлішер Ахметов
Жүрек операциясы. ©Әлішер Ахметов
Жүрек операциясы. ©Әлішер Ахметов
Жүрек операциясы. ©Әлішер Ахметов
Жүрек операциясы. ©Әлішер Ахметов
Жүрек операциясы. ©Әлішер Ахметов
Жүрек операциясы. ©Әлішер Ахметов
Жүрек операциясы. ©Әлішер Ахметов
Жүрек операциясы. ©Әлішер Ахметов
Жүрек операциясы. ©Әлішер Ахметов

Алматыдағы "Совмин" ауруханасы 2014 жылдың соңына дейін жалпы сомасы 300 миллион теңгеге жоғары мамандандырылған операциялар жасауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандықтарға "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қызмет көрсетіледі. Дәрігерлер науқастарды қабылдау қарқынын екі есеге арттырғалы отыр. Операциялар еліміздің кез келген азаматына жасалады.

Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы Орталық клиникалық ауруханасы кардиоорталығының жетекшісі Қайрат Кәрібаевтың айтуынша, ауруханада кезек болмайды. "Жыл соңына дейін бзіге келіп қаралуға болады. Біз ешқандай кезексіз қабылдайтын боламыз. Қаражаттың көп бөлігі кардиология саласы науқастары үшін бөлінді, сондықтан бұл - нөмірі бірінші мәселе. Бірақ бізде жоғары мамандандырылған медициналық көмектің басқа да түрлері түгел ұсынылады", - деді ол.

"Совмин" ауруханасының өкілі жоғары мамандандырылған операциялар аясында окулистердің, лор дәрігерлердің, басқа да кәсіби мамандардың қызметі ұсынылатынын айтты. Оның айтуынша, 2014 жылдың басынан бері кардиология саласының 5000-ға жуық науқасы көмек алды. Енді жылдың соңына дейін қызмет көрсету қарқыны екі есеге арттырылады. "Бізде күніне екі кардиохирургиялық операциядан және интервенциялық кардиология бойынша онға жуық операция жасалатын болады. Бұған қоса, біз кардиостимуляторларды имплантациялау операцияларын жасаймыз", - деді Кәрібаев.

Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы пациенттерге қолжетімді қызмет түрлерінің ауқымын кеңейтіп, жаңа технологияларды енгізіп отыр. Атап айтқанда, Қазақстан-Ресей медициналық университетімен бірге Лейпцигтен келген кардиохирург Сергей Леонтьевтің шеберлік дәрістері ұйымдастырылды. Одан Қазақстанның әр аймағынан келген дәрігерлер мен "Совмин" ауруханасының қызметкерлері дәріс алды.

Шетелдік маман республикаға аз инвазивті операциялардың әдістемесін ұсынды. Кәрібаевтың айтуынша, бұл әдістің бірнеше артықшылығы бар. "Науқастың кеудесі түгел сойылмайды, кішкентай ғана тілік салынады, сол кішкентай тілікпен көп операция бір-ақ жасалады - клапандар ауыстырылып, тігіледі. Операцияның жарақаты аз, денеде үлкен тыртық қалмайды. Науқастың сауығып кету мерзімі қысқарады", - деді Кәрібаев. Оның айтуынша, "Совмин" ауруханасы бұрын-соңды мұндай әдіспен операциялар жасаған жоқ.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай