28 тамыз 2014 17:27

"Совмин" дәрігерлері қаны тыйылмаған пациентті құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Дмитрий Хегай ©Дмитрий Хегай

Алматыда қаны тыйылмаған пациент құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Операция "Совмин" деген атпен белгілі ҚР Президенті Іс басқармасы медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында жасалды.


Алматыда қаны тыйылмаған пациент құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Операция "Совмин" деген атпен белгілі ҚР Президенті Іс басқармасы медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында жасалды.

Орал қаласының 24 жастағы тұрғыны 2014 жылдың мамыр айында жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Дамир Қасымбаев бас-ми жарақатын алып, төрт күн бойы комада жатты, кейін бір ай аураханада емделді. Бірақ оның жағдайы нашарлай түсті, жігіттің мұрнынан жиі-жиі қан кетіп, басы солқылдап ауырған. Ол ауруханаға бес рет жатқан, соның ішінде, екі рет толассыз қан кетіп, 2-2,5 литр қан жоғалтқаннан кейін жан сақтау бөліміне түсті. Жергілікті дәрігерлер оған көмектесе алмады, мамандардың кеңесімен Қасымбаев Алматыға емделуге келді.

"Совмин" дәрігерлері жігітті тексеріп, "бас тамырларының жарақаттан кейін пайда болған патологиясы" деген диагноз қойды. "Біз пациенттің бас тамырларының үзілгенін, соның салдарынан ми тамырлары арасында кемістік болып, қаны тыйылмайтын ауруға шалдыққан", - дейді хирург Сергей Мұсаев.

Дәрігерлер операция жүргізіп, қазіргі заманғы азинвазивті құралдардың көмегімен олқылықты бас ұлпаларына ауыр зақым келтірмей жою қажет деген шешім қабылдады. Бұл операцияның ерекшелігі - емді зақымданған жерге тамыр ішімен жеткізу. Мұсаев хирургиялық операция жасалмағанда пациенттің кезекті қан кету кезінде қайтыс болуы мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, ҚР Президенті Іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасында мұндай операция тұңғыш рет жасалып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети