06 қараша 2019 09:27

Темекі тастаудың ең қарапайым тәсілі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италия, Швеция және АҚШ ғалымдарынан құралған команда никотинге тәуелділікті жеңудің ерекше тәсілін ойлап тапты. Зерттеу нәтижесін олар Journal of Neuroscience журналында жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Италия, Швеция және АҚШ ғалымдарынан құралған команда никотинге тәуелділікті жеңудің ерекше тәсілін ойлап тапты. Зерттеу нәтижесін олар Journal of Neuroscience журналында жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Темекі шегуді доғару көптеген жағдайда сәтсіздікке ұшырап жатады, өйткені адамдар әрдайым тұтынатын никотин дозасының жетіспеуінен өзін жайсыз сезінеді. Бұл жағдайға никотин абстиненциясы деген атау берілген. Ол ашушаң болуға, тәбеттің ашылуына, депрессиямен және мазасыздықпен сипатталады.

Зерттеушілер екінші деңгейлі диабетпен ауыратын адамдарға дәрігерлердің жазып беретін дәрілерде пиоглитазон болады екен, ол егеуқұйрықтар мен тышқандарда никотинді абстиненцияның салдарын жояды екен. 

Пиоглитазон инъекциясы тышқандарда абстиненция белгілерін төмендеткен: табан, бас және басқа да дене мүшелердің дірілдеуі. Осыны егеуқұйрыққа берген уақытта оларда никотин жоқтығынан туындайтын үрей ғайып болған. 

Зерттеушілердің айтуынша, пиоглитазон никотинді абстиненциямен, яғни темекі шегумен күресуге жағдай жасайды екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети