24 ақпан 2018 15:18

Үндістанда жігіттің басынан салмағы екі келіге жуық ісік алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AFP 2018 / Indranil Mukherjee © AFP 2018 / Indranil Mukherjee

Үндістанда әлемдегі ең үлкен ми ісігі алынды, деп хабарлады РИА Новости агенттігі The Hindu басылымына сілтеме жасап.


Үндістанда әлемдегі ең үлкен ми ісігі алынды, деп хабарлады РИА Новости агенттігі The Hindu басылымына сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Мумбайда хирургтар тобы салмағы 1,8 келі ісікті алып тастады. Операция алты сағатқа созылған.

Нейрохирур Тримурти Надкарнидің айтуынша, бұл ісік әлем бойынша ең ірі - оның өлшемі науқастың басынан да үлкен.

"31 жастағы Сантала Палдың басындағы ісік үш жыл бұрын өсе бастаған, алайда ешбір дәрігер мұндай үлкен ісікке күрделі ота жасауға бата алмапты", - делінген жарияланымда.

Пал ауруының кесірінен соқыр болып қалған, алайда дәрігерлер ісік алынған соң ол қайта көретін болады, деп үміттеніп отыр. Ол қазір отадан кейін есін жиып, қалыпқа келіп жатыр, оның өміріне келер еш қауіп жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети