26 қаңтар 2021 16:01

Үй жануарларына да коронавирусқа қарсы вакцина салу керек - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: elements.envato.com Көрнекі сурет: elements.envato.com

Ғалымдар коронавирус инфекциясының тарауын тоқтату үшін үй жануарларына да вакцина салу керегін айтады, - деп хабарлайды Daily Mail.


Ғалымдар коронавирус инфекциясының тарауын тоқтату үшін үй жануарларына да вакцина салу керегін айтады, - деп хабарлайды Daily Mail.

Шығыс Ұлыбритания университетінің, Эрлхэм институтының және АҚШ-тағы Миннесота университеті ғалымдарының зерттеуінде вирустың жануарларда жалғасып келе жатқан эволюциясы, содан кейін оны адамға тарауы халықтың денсаулығына айтарлықтай ұзақ мерзімді қауіп төндіретіні айтылған. 

"Кейбір үй жануарларының түрлерін вакцинациялау инфекцияның таралуын болдырмау үшін қажет болуы мүмкін", - деді Шығыс Ұлыбритания университетінің профессоры Кок ван Остерхаут. 

Мамандардың сөзінше, коронавирустың симптомсыз түрі мысықтардың арасында кең тараған. Әзірше вирустың жануарлардан берілуі толық зерттелмеді, алайда сарапшылар теория жүзінде ол әбден мүмкін екенін айтады. Сондықтан үй жануарларына да вакцина салу керек. 

Ғалымдар жануарларды адамдарды вакцинациялау сәтті өткеннен кейін ғана салу керегін айтады. Одан бөлек, бұл мақсатта жануарларға арналған арнайы препарат қолданылуы керек. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети