23 қыркүйек 2021 09:23

Вакцина алған анадан нәрестеге антиденелер беріледі - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ғалымдар Pfizer және BioNTech немесе Moderna вакцинасын алған жүкті әйелдерден баласына коронавирусқа антиденелер беретінін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NYU Langone медициналық орталығының сайтына сілтеме жасап. 


Ғалымдар Pfizer және BioNTech немесе Moderna вакцинасын алған жүкті әйелдерден баласына коронавирусқа антиденелер беретінін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NYU Langone медициналық орталығының сайтына сілтеме жасап. 

Америкалық акушерия және гинекология журналында жарияланған зерттеуте АҚШ ғалымдары әйел жүктілік кезінде вакцина алған болса, ұрықтың коронавирусқа қарсы иммунитеті бар-жоғын білу үшін кіндіктен қан алып, антиденелер деңгейін өлшегені жазылған. 

Осылайша МРНҚ вакцинасының дозасын алған 36 ананың барлығының баласында CAVID-19-ға антиденелер анықталды. Дәстүрлі емес, матрицалық немесе ақпараттық РНҚ-ға негізделген вакциналар жасушаларға инфекция түскенде иммундық реакцияны қосатын ақуыз шығаруға үйретеді.

"Мұндайды күтпеген едік. Бұл деректерді салыстырмалы түрде ертерек жарияладық, өйткені бұл денсаулық сақтау саласы үшін маңызды табыс. Қазір біз барлық жүкті әйелге нәрестенің пайдасы үшін вакцина алуға кеңес береміз", - дейді зерттеу авторларының бірі, NYU Langone акушер-гинекологы Эшли Роман.

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) мәліметінше, АҚШ-та 18-49 жастағы жүкті әйелдердің тек 30 пайызы вакцинацияланған.

Бұған дейін АҚШ-та жүкті және бала емізетін әйелдерге вакцина алуға ресми түрде кеңес берілген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети