25 мамыр 2020 09:14

Вирусолог коронавирус кезінде қолдануға болмайтын дәрілерді атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Вирусолог Надежда Жолобак "Вечерняя Москва" газетіне берген сұхбатында коронавирус кезінде қауіпті дәрілерді атады. 


Вирусолог Надежда Жолобак "Вечерняя Москва" газетіне берген сұхбатында коронавирус кезінде қауіпті дәрілерді атады. 

Бұл дәрілерге стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобы жатады: ибупрофен, аспирин, вольтарен, диклофенак және напроксен. Дәрігердің сөзінше, Франция және Италия зерттеулерінің нәтижесі бойынша, бұл препараттар организмді вирусты жұқтыруға тез қабілетті етеді. 

"Сондықтан аспиринді қолданбау керек", - дейді вирусолог. 

Надежда Жолобактың сөзінше, дәрілердің бұл түрі коронавирус үшін ыңғайлы орта қалыптастырады. Сондықтан инфекция өкпеге оңай өтіп, бұл қабыну процесіне, пневмонияға және альвеолдың зақымдануына әкеледі. Вирусологтың айтуынша, кейбір батыс дәрігерлері COVID-19 кезінде парацетамолды қолдануға болатынын айтқан. Алайда Надежда Жолобак оны қолдануды ұсынбайтынын айтады. Себебі препарат коронавирусқа қарсы қалай әсер ететіні әлі толық зерттелмеген, сондықтан оның "салдары қиын болуы мүмкін". 

Дәрігер дене қызуы көтерілген кезде өзіндік ем-доммен айналыспай, бірден дәрігерге жүгінген дұрыс екенін атап өтті. Вирусологтың сөзінше тиіс препараттарды тек дәрігер тағайындайды.   

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети