12 маусым 2020 17:27

Вирусолог коронавирустың екінші толқыны қашан басталатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медицина ғылымдарының докторы, вирусолог Виктор Зуев коронавирустың екінші толқыны басталғанын қалай білуге болатынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Медицина ғылымдарының докторы, вирусолог Виктор Зуев коронавирустың екінші толқыны басталғанын қалай білуге болатынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сарапшының айтуынша, SARS-CoV-2 тұмау сияқты болады, тек тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлігінде вирус пайда болады. 

"Біз тұмаумен жылына екі рет ауыратынымызды ұмытып кеттік: көктемнің басында және күздің соңында. Күздің соңында коронавирус тұмаумен бірге қайта тарайды. Шілде, тамыз және қыркүйекте бізге коронавирустың екінші толқыны келмейді", - дейді вирусолог.
 
Оның айтуынша, коронавирустың тұмаудан ерекшелігі ол өте жұқпалы, бірақ уақыт өте келе коронавирус әлсірейді.
 
Айта кетейік, бүгінде, ДДҰ мәліметінше, әлемде  COVID-19 жұқтырғандардың саны 7,2 миллионнан асты, ал қайтыс болғандардың саны 413 мыңнан асты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети