23 наурыз 2023 13:33

Ықылық тию мен кекіру қауіпті аурудың белгілері болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүректің айнуы, ықылық тию, кекіру, ауыздан шығатын жаман иіс сияқты қарапайым симптомдар қауіпті асқазан ішек жолдары ауруларын тудыруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жүректің айнуы, ықылық тию, кекіру, ауыздан шығатын жаман иіс сияқты қарапайым симптомдар қауіпті асқазан ішек жолдары ауруларын тудыруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы клиникалық тәжірбиесі көп, эндоскопист, хирург-гастроэнтеролог дәрігер Сатыбалды Музафаров айтты. Ол көп жағдайда адамдар мұндай симптомдарға назар аудармайтынын айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының айтуынша, асқорыту ағзаларының патологиялары геометриялық прогресте өршиді. Ауырсыну сиптомдарын сезбей, пациенттер қарапайым профилактикадан бас тартып, зерттелмейді. Қатты ауырған кезде немесе аурудың кеш созылмалы кезеңінде дәрігерге жүгінеді, ал кеш жүгінген жағдайда дәрігерлер түбегейлі шаралар қабылдауға мәжбүр болады.

Бүгінгі таңда ГЭРА( гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы) ДДСҰ XXI ғасыр ауруы деп жариялады, бұл ауруды кейінгі он жылда белсенді түрде зерделей бастады. Бұл ДӨСЖ ( диагфрагманың өңеш саңылауының жарығы) асқынуы және оған кенеттен асқазандағы тамақтың (кей жағдайларда ұлтабардан) өңешке және одан әрі ауыз қуысына құйылуының қайталану жағдайы тән.

ГЭРА айтарлықтай асқынулар беруі мүмкін. Мысалы, бронх-өкпе жүйесінің он ауруы: бронхиалды астма, СОӨА (созылмалы обструктивті өкпе ауруы), фиброз, құрғақ жөтел және басқа да тыныс алу жолдарының патологиялары. ГЭРА бронхиалды астма себебі ретінде зерттелген пациенттер арасында 50 пайыздан аса адамда анықталды. Лор ағзалары жағынан бұл фарингит, ларингит, синусит, тамақ ауруы және өңеш обыры да болуы мүмкін. Асқазанмен байланысты емес асқынулардың арасында кеуде тұсының ауырсынуы және жүрек қағысының бұзылуының диагностикасы үлкен проблема болып жатыр. ГЭРА кардиолгиялық синдромы кардиологиялық патологиясы айқындалмаған 80 пайызға жуық науқаста анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.06   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети