Қазақстанда келесі жылдан бастап ҰБТ-ға балама болатын оқуға түсу емтиханының жаңа форматын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Education.
Қазақстанда келесі жылдан бастап ҰБТ-ға балама болатын оқуға түсу емтиханының жаңа форматын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Education.
Оның айтуынша, 2026 жылы тестілеу еш өзгеріссіз өтеді.
"Биыл ешқандай өзгеріс болмайды, бәрі алдын ала жарияланған кесте бойынша өтеді. Біз жоспар бойынша келе жатырмыз. Екі байқау тесті өтіп үлгерді. Қазір бірінші негізгі ҰБТ басталады, содан кейін екінші, үшінші және тамыз айында бесіншісі болады", - деді министр.
Ал 2027 жылдан бастап пилоттық режимде AIT (Admission Insight Test) деп аталатын жаңа тест енгізіле бастайды.
Нұрбектің сөзінше, емтиханды әзірлеумен тестілеу саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың бірі - ETS айналысады. Оның делегациясы Қазақстан жоғары оқу орындарының өкілдерімен алғашқы кездесулер өткізу үшін Астанаға келіп те үлгерген.
Сонымен қатар министр келесі жылы да байқау тестілеулері сақталатынын нақтылады.
"Негізгі қауіп байқау форматы жойылып, тек бір ҰБТ ғана қалуы мүмкін дегенде болатын. Сондықтан байқау форматы сақталады. Мұндай тесттер әлсіз тұстарды анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық құрал ретінде өзін жақсы жағынан көрсетті", - деп түсіндірді ол.
Жаңа тесттің басты артықшылығы оның халықаралық деңгейде танылуы болмақ.
"Бұл ETS - жоғары сапа стандарты болғандықтан, олардың тесті оқуға түсу кезінде автоматты түрде танылады. Оны Қазақстандағы шетелдік университеттердің филиалдары да, шетелдік жоғары оқу орындарының өздері де қабылдай алады», — деп мәлімдеді Саясат Нұрбек.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда ҰБТ-ны қайта тапсыруға тыйым салынатыны хабарланған.
Пікірлерді оқу