Париж іргесінде жүздеген гектар тарихи орман өртенді: билік қасақана өрт қойылуы мүмкін деп күдіктенеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Париж іргесінде жүздеген гектар тарихи орман өртенді: билік қасақана өрт қойылуы мүмкін деп күдіктенеді Фото: EFE

Дүйсенбіде Париж маңындағы тарихи орманды өрт шарпыды. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін авиация жұмылдырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Франциядағы өрттер туралы сайтқа сілтеме жасап.


Өрт Францияның ең танымал корольдік сарайларының бірі орналасқан Фонтенбло маңындағы автомагистраль бойында тұтанды. Билік өртті сөндіруге жүздеген өрт сөндіруші мен авиацияны жұмылдырды.

Полицейлер Парижді Лионмен және елдің оңтүстігімен байланыстыратын автомагистральды жауып тастады.

Үлкен Париж ауданында өртті оқшаулау үшін алғаш рет авиацияны тарту қажет болған. Canadair су төгетін ұшақтары Сена өзенінің үстінен ұшып өтіп, бактарын үнемі толтырып отырған.

Билікке 800-ге жуық жергілікті тұрғынды эвакуациялауға тура келген.

Францияның өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, 800 гектар орман күлге айналды.

Ішкі істер министрі Лоран Нуньес өрттің мән-жайы күмән тудыратынын мәлімдеді.

"1000 метр радиуста өрт басталған он шақты нүкте болды, бұл оның әдейі қойылған болуы мүмкін екенін болжауға негіз болады", - деді ол.

Дүйсенбі күні кешке Нуньес Фонтенблодағы өртке қатысы бар деген күдікпен екі адамның ұсталғанын хабарлады.

Франция билігінің бағалауынша, биыл шамамен 32 000 гектар жер өртенген - бұл бүкіл 2025 жылғы көрсеткіштен көп.

Батыс Еуропада жаз басталғалы үшінші аптап ыстық толқыны соғып жатыр, ал кеуіп кеткен өсімдіктер мен жоғары температура Пиреней түбегінен Францияға дейінгі аумақта өрттің өршуіне себеп болып отыр.

Бұған дейін өткен түнде құтқарушылар Ақмола облысында құрғақ шөптің үш рет тұтануын жойғанын хабарлаған болатынбыз.






Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +30
Ақтау +30
Ақтөбе +27
Атырау +29
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +26
П
Павлодар +21
Петропавл +32
С
Семей +29
Т
Талдықорған +33
Тараз +37
Түркістан +25
О
Орал +27
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер