03 қаңтар 2024 14:28

15 көлік соқтығысқан: Астана маңында болған ірі жол апатының мән-жайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Ақмола полицейлері 15 көлік соқтығысқан ірі жол апатының себебін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола полицейлері 15 көлік соқтығысқан ірі жол апатының себебін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 қаңтарда Астана-Петропавл тасжолында, Астана бағытында, ірі жол апаты болды. Жол апатынан 15 көлік зақымданған. Қайтыс болғандар жоқ, үш адам, оның ішінде бір бала ауруханаға жатқызылды.

"Mitsubishi көлігін тізгіндеген Астананың 69 жастағы тұрғыны мен Suzuki Vitara көлігінің 34 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-ның 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында Ақмола облысында 19 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети