21 тамыз 2020 09:16

19 жастағы қазақстандық қыз Қырғызстанда отбасы мәжбүрлеп жертөледе ұстайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sputnik.kg © sputnik.kg

Қырғызстандағы Тоқмақ қаласына Қазақстаннан бұған дейін күйеуі зорлады деп мәлімдеген 19 жастағы қыздың әкесі келді, - деп хабарлайды Kaktus.media.


Қырғызстандағы Тоқмақ қаласына Қазақстаннан бұған дейін күйеуі зорлады деп мәлімдеген 19 жастағы қыздың әкесі келді, - деп хабарлайды Kaktus.media.

"Ер адам кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін бәрін істемек, ол күйеу баласының үстінен шағым жазды, ол бұған дейін үйленген, тұрмыстық зорлық жасағаны үшін ажырасып кеткен", - делінген басылым хабарламасында.  

Жәбірленушінің айтуынша, 28 жастағы қырғызстандыққа ол 2019 жылдың қарашасында тұрмысқа шыққан. 11 тамызда полицияға күйеуі мен туыстарының ұрып-соғатынын хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, соңғы үш күнде туыстары еркінен тыс үйдің жертөлесінде ұстаған.  

Келіні енесімен ұрысып қалған сайын оны үйдің жертөлесінде отыруға мәжбүрлейтіні белгілі болды. Оған су да, тамақ та бермеген. Жертөленің есігі ашық тұрған, алайда жәбірленуші ол жерден өз еркімен шығудан қорыққан. 

Тоқмақтың тергеу органдары бұл деректі тіркеп, тергеу жұмыстарын бастаған. Жәбірленушінің енесінен, қайын апасынан жауап алынған. Жәбірленушінің күйеуі шілденің басында әйелі екеуі жанжалдасып қалғанын, нәтижесінде ол бірнеше рет ұрғанын жеткізген. 

Қазір жағдайдың мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстары жүріп жатыр, соның нәтижесі бойынша заң бойынша баға беріледі. Сараптама нәтижесі бойынша, жәбірленушінің денсаулығына аздаған зиян келген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети