12 желтоқсан 2023 10:03

40 градус аяз. Киіміне мұз қатқан өртсөндірушілердің суреті жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облысындағы Төңкеріс ауылында үйден шыққан өртті сөндіруге барған өртсөндірушілердің сурет жарияланды. Кадрдан олардың киімі аяздан мұз болып қатып қалғаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысындағы Төңкеріс ауылында үйден шыққан өртті сөндіруге барған өртсөндірушілердің сурет жарияланды. Кадрдан олардың киімі аяздан мұз болып қатып қалғаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өртсөндірушілердің минус 40 градуста жұмыс істегеннен кейінгі суреттерін Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті жариялады. Ведомство өрт туралы хабарлама сағат 19:04-те түскенін айтты. Үйдің шатыры өртенген. Оқиға орнына Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің төрт қызметкері, Астана Төтенше жағдайлар қызметінің бес қызметкері және Талапкер ауылынан тағы екі жұмысшы жіберілген.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Өрт кезінде зардап шеккендер жоқ. Бұл ретте өртсөндірушілердің арнайы киімі мен каскасы қатып қалған.

Айта кетейік, Ақмола облысында 12 желтоқсанда ауа температурасы түнде 35-40 градус, облыстың оңтүстігінде 31 градус аяз, күндіз 25-30 градус аяз болады деп болжанған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети