06 ақпан 2019 08:12

5 баланың өліміне қатысты үй иесі 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Турар Казангапов ©Турар Казангапов

Заңгер Жандос Тұяқов сұхбатында 5 баланың өлімі үшін үй қожайыны жауапқа тартуылуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.  


Заңгер Жандос Тұяқов сұхбатында 5 баланың өлімі үшін үй қожайыны жауапқа тартуылуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.  

Заңгердің айтуынша, баспана иесі 2 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ал бұған дейін төтенше жағдай мамандары орнатылған пеш қауіпсіздік талаптарына сай келмейтінін айтып, бірнеше рет ескерту жасалғанын хабарлағанын мәлімдеген. Соңғы рет бір аптадай бұрын ескертіп кеткен.

"Өрт талаптарына сәйкес келмеген деп комиссия анықтаған жағдайда онда нақты осы оқиға бойынша бұл азаматтар, үйді жалға бергендер, Қылмыстық кодексте көрсетілген 292-баппен, яғни, 2-бөлігіне қатысты жауапкершілікке тартылады. Онда 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан сол уақытқа айыру жазасы қарастырылған", - дейді Жандос Тұяқов.

Бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары әкесінің түнгі уақытта жұмыста болған-болмағаны анықталып, жұмыс беруші де сұралатынын айтқан еді. 5 қызынан айырылған Евгений Ситер сол түні телеарна тілшілеріне Талапкер көшесінде орналасқан Көлік жөндеу стансасында жұмыс істегенін айтқан.

Еске салайық, 4 ақпанда Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. Өрт шағын баспанада болған, алайда отбасы осы үйде төрт жыл бойы тұрып келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети