13 шілде 2023 15:28

5 жылға дейін бас бостандығынан айыру. ІІМ Шүменовке қатысты дауға тағы да пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігі Астанадағы сауда-ойын сауық орталығында болған қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің оқиғасына қатысты тергеуді жалғасытырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігі Астанадағы сауда-ойын сауық орталығында болған қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің оқиғасына қатысты тергеуді жалғасытырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство биыл 18 маусымда Астанада Mega Silkway сауда орталығының дәмханаларының бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін соққыға жыққанын еске салды.

"Қазір бұл дерекке қатысты бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша соталды тергеу басталды. Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, оның нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі", - делінген ІІМ хабарламасында.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі таратқан хабарламада төбелеске қатысушының аты-жөні аталмаған. Бір күн бұрын Үкімет кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев бала көтерген ер адамға жасалған шабуылдың жай-жапсарын айтып, қақтығысқа қатысушылардың бірі атақты боксшы Бейбіт Шүменов екенін растаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети