BMW X5 мінген көкшетаулық жігіт сүйіктісін қасақана қаққан

24 Сәуір 2018, 17:29
0
BMW X5 мінген көкшетаулық жігіт сүйіктісін қасақана қаққан - © pixabay.com
© pixabay.com

Көкшетауда өзінің азаматтық некедегі әйелін қасақана қағып кеткен 30 жастағы ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында 1987 жылы туған А.Г. есімді азаматтың ісі қаралып, ол ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-тарауы ("Адам өлтіру") бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен ер адам 11 жылын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өткізеді. 

Сонымен қатар, соттағлан ер адам зардап шеккен тарапқа моральдық шығын ретінде 3 миллион теңге төлеуі керек. 

Еске салайық, 2017 жылы желтоқсанда BMW X5 көлігін тізгіндеген ер адам бұрын бірге тұрған әйелді қаққан. Оқиға әйелдің жұмыс орнының маңында болған. Осыдан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен, ал әйел алған жарақаттардан көз жұмды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай