Gelandewagen мен автобус соғысқан сәт түсірілген видео пайда болды

11 Мамыр 2017, 22:52
0
Gelandewagen мен автобус соғысқан сәт түсірілген видео пайда болды - Соғысып қалған Gelandewagen мен автобус
Соғысып қалған Gelandewagen мен автобус

Алматыда Gelandewagen көлігі мен № 63 бағытында жүретін автобус соғысқан сәттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Желіде пайда болған видеоның кадрларынан жылдамдықты азайтқан жол талғамайтын көліктің артынан автобустың соғып өткенін көруге болады.

Сонымен қатар, Желіде GPS-бақылау мәліметтері таралып жатыр. Сол мәліметтерге қарағанда, автобустың жылдамдығы соққы кезінде сағатына 57 шақырым болған.  

"Green Bus Company" ЖШС директоры Бауыржан Құлышев өз кезегінде автобустың осы жылдамдықпен жүргенін растады. "Бұл жерде сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген", - деді ол.

Ал осыған дейін автобуспен соғысқан Mercedes-Benz G-класс тізгінінде Алматы прокуратурасының қызметкері болғаны анықталған еді. "Шынымен де Mercedes-Benz G-класс тізгінінде Алматы прокуратурасының қызметкерлерінің бірі болған, ол 2017 жылдың 2 мамырынан бастап еңбек демалысында жүрген", - деп хабарлаған еді Алматы прокуратурасындағылар.

Қазіргі уақытта Алматы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік қызметі қызметтік тексерісті бастап кетті. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі жасар қыз, қалалық құзырлы органның мәліметінше, жол талғамайтын көліктің салонында болған. Оның жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалаған, ол кеуде тұсынан жарақат алып, бассүйек миы зақымдалған. 

Алматы прокуратурасының мәліметінше, 11 мамырда Mercedes көлігі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Потемкин көшесімен (Тілендиев көшесіне жақын маңда) қиылысатын жерде оңға маневр жасау кезінде № 63 бағытында жүретін Yutong маркалы автобусқа соғысқан. Қоғамдық көлік те шығыс бағытқа арнайы автобустарға арналған жолақпен кетіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан қоғамдық көліктің 17 жолаушысы және Mercedes автомобилінің ішінде отырған сәби әртүрлі жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы қалалық ауруханаларға жеткізілді.

Жол апаты дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша жүргізіліп жатыр.  

Еске салайық, бүгін жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында Тілендиев көшесімен қиылысқан тұста болды. Көптеген куәгерлердің айтуынша, № 63 бағытында жүретін қоғамдық көліктің жүргізушісі шығыс бағытта автобустарға арналған арнайы жолақпен келе жатқан. Осы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz G-класс Тілендиев көшесіне жетпей Потемкин көшесіне өту үшін дереу бұрылған. Соғысу салдарынан Mercedes-Benz G-класс 20 метрге ұшып кеткен, ал жолаушылар автобусы бағанға соғысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатының салдарынан 15 адам зардап шеккен, оның ішінде автобустың да, жеңіл көліктің де жүргізушісі бар. Барлығы ауруханаға жеткізілген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай