Ақмола облысында аудан әкімінің автокөлігін су шайып кетті

11 Сәуір 2015, 22:22
0
Ақмола облысында аудан әкімінің автокөлігін су шайып кетті - @Ербол Дүйсен
@Ербол Дүйсен

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің автокөлігін өзеннің тасуынан су шайып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаның куәгері аудандық мәслихат депутаты Ербол Дүйсен айтып берді.

Оның айтуынша, төтенше жағдай Тайбай ауылдық округіндегі Құмай өзенінде болған. "Мен көрші Олжабай ауылынан келе жатқан едім. Оларда су тасқыны болып, елді мекеннің 60 пайызы су астында қалды. Дамба жарылған. Ал мына Табай ауылында да өзен арнасынан шығып, айналаны су басып кетіпті. Қарасам, өзенде ауыл әкімінің автокөлігі жүзіп жүр", - дейді Дүйсен.

Жергілікті тұрғындар оған оқиғаның 10 сәуірде болғанын айтыпты. Әкім Ермек Нұғманов болса адамдар қайықпен жүзіп келгенше, Toyota Land Cruiser автокөлігінің төбесінде шығып бірнеше сағат отырған. Кейін әкім жағалауға шығарылыпты. Ербол Дүйсеннің айтуынша, ТЖД қызметкерлері Табай ауылдық округінде құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ Олжабай ауылына әлі жете алмай отыр.

 

Оқиға орнынан түсірілген видео. Автор: Ербол Дүйсен.

Айта кетейік, жақын күндері Қарағанды облысындағы су тасқынынан Абай қаласы су астында қалды. Әлі де 100 елді мекенге қауіп төніп тұр. Сонымен қатар, Қарағанды облысы ТЖД облыстағы барлық дамбаларды жауып үлгермегенін айтқан болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай