19 маусым 2015 12:22

Ақмола облысында ірі жол апаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© automag.kz © automag.kz

Ақмола облысында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды "24.kz". Жол апатынан қаза тапқандардың саны 4 адамға жетті.


Ақмола облысында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды "24.kz". Жол апатынан қаза тапқандардың саны 4 адамға жетті.

"ҚазАвтоЖол" диспетчерлік бөлімінің мәліметінше, оқиға бүгін таңғы сағат 05.00 шамасында Аршалы ауданы аумағында "Екатеринбург-Алматы" тас жолының бойында болған.

"Астана қаласынан Қарағандыға бет алған ресейлік азаматтар отырған "Пежоның" жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жолдан тайып, аударылған. Шағын автобус жүргізушісі сол жерде тіл тартпай кеткен. Зардап шеккендердің барлығы ресейліктер екені белгілі болды. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүріп жатыр", - делінген жарияланымда. 

Еске сала кетейік, Алматы - Шымкент трассасында 16 маусымда ірі жол апаты болған еді. Ол кезде Mercedes Sprinter мен Howo жүк көлігі соқтығысып, салдарынан 13 адам қайтыс болды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети