16 маусым 2015 17:58

Алматы - Шымкент трассасындағы жол апатынан қаза тапқандардың саны 13-ке жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы - Шымкент трассасында болған жол апатынан қаза болғандардың саны 13-ке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы - Шымкент трассасында болған жол апатынан қаза болғандардың саны 13-ке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД өкілдері оқиға орнында 9 адамның қаза тапқанын, олардың ішінде бір бала мен 1976 жылы туылған Өзбекстан азаматы, қалғандары әйелдер болғанын мәлімдеді. Ауруханада алғашында 3 адам көз жұмды, кейін тағы бір адам қайтыс болды. Оқиға орнынан 11 адам ауруханаға әкелінген. Олардың жетеуі жедел-жәрдем көлігімен жеткізіліпті. 4, 6 және 7 жастағы үш бала облыстық балалар ауруханасына жіберілді.

Полицейлердің болжамы бойынша, Алматы - Шымкент жолындағы жол апаты автобус жүргізушісінің кінәсінан болған. Ол тіркемесі бар жүк көлігінің алдына шығып кетпек болған. "Жүк көлігі жанармай бекетіне қарай солға бұрылып жатқан кезде Mercedes оны қуып жетпек болып, нәтижесінде соқтығысып қалды", - деді ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Екі көліктің де Шымкентке қарай бағыт алғаны белгілі болды. Жүк көлігінің 1974 жылы туылған жүргізушісі жеңіл жарақат алды. Қазір одан жауап алынып жатыр. Автобус жүргізушісі Шымкенттегі ЖМКА жан сақтау бөліміне жеткізілді. 1969 жылы туылған ол Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты.

Еске сала кетейік, Алматы - Шымкент трассасында 16 маусымда жол апаты болды. ІІД пультіне хабар шамамен 12.30-да келіп түскен. "Mercedes Sprinter мен Howo жүк көлігі соқтығысып қалды", - деді Салтанат Қаракөзова.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети