25 сәуір 2019 10:36

Ақтау полицейлері автокөлікке от қойған адамды іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер суреті Куәгерлер суреті

Ақтау полицейлері 23 сәуірде Mitsubishi маркалы автокөлікке от қойған күдіктіні іздестіріп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада".


Ақтау полицейлері 23 сәуірде Mitsubishi маркалы автокөлікке от қойған күдіктіні іздестіріп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада".

Автокөлік иесі 24 сәуірде полицияға өрт туралы арыз берген. Оның айтуынша, көлікті өзінің туыс ағасы өртеп жіберген. 

Автокөлік иесі ер адамның автомобильге жанармай шашып, артынша өртеп жібергенін көрген. Сосын оқиға орнынан қашып кеткен. 

"Ол маған қоқан-лоқы көрсетіп, өлтіріп кететінін де айтқан, менің ойымша ол қоғам үшін қауіпті. Ерекше белгілері - ерін тұсында үлкен қалы бар. Қала тұрғындарын оның қайда жүргенін білген жағдайда 102 нөміріне немесе 47-48-10 нөміріне хабарласуды сұраймыз", - дейді автокөлік иесі. 

Еске салайық, Ақтауда жол талғамайтын көлік өртенді. Оқиға 23 сәуірде 21-ықшамаудандағы "КазФрут" дүкені маңында болды. Бұл ақпаратты Ақтау төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері растады. 

"Кезекші бөлімге өрт туралы хабар 18:30-да түскен. Mitsubishi L200 автокөлігі өртенген. Құтқарушылар оқиға орнына келе салысымен дереу өрт сөндіруге кіріскен. Бірнеше минутта олар толықтай сөндірді. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз", - деді ТЖБ өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети