19 шілде 2023 | 09:28

Ақтауда әйел екі кішкентай баласымен кіреберістегі бетонда ұйықтап қалған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Ақтауда әйел кішкентай балаларымен көпқабатты үй кіреберісіндегі бетон еденге ұйықтап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAktau.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда әйел кішкентай балаларымен көпқабатты үй кіреберісіндегі бетон еденге ұйықтап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAktau.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 17 шілдеге қараған түні болған. Оқиғаны куәгер видеоға түсіріп алған. Оның айтуынша, әйел мас күйде болған.

Оқиғаның куәгерлері полицияға жүгінген (олардың айтуынша, олар тәртіп сақшыларын ұзақ күткен), сонымен қатар олар тоңып қалмас үшін балаларды үйлеріне апармақ болған. Алайда балалар мұны қаламағаны айтылды. Бейнежазбаға қарағанда, кейін қамқор адамдар балаларға жылы көрпе әкеліп берген.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті 16 шілдеде сағат 23:40 шамасында "102" кезекші пультіне 11-шағынаудандағы №33 үй кіреберісінде екі баласы бар әйел мас күйде жүргені туралы хабарлама түскенін хабарлады.

"Шақыруға келген полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балалары бар әйелді анықтады. Оның жеке басын анықтау барысында тұрғылықты жерге тіркеуі жоқтығы белгілі болды. Балалар Облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы ("Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу") бойынша әкімшілік хаттама жасалды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полицейлер видеоға түсіп қалған әйелдің баспанасыз екенін растамады. Сондай-ақ, олар қамқоршылық органдарының отбасыға көңіл бөлетіні туралы ақпарат беруге уәде берді.

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында inAktau.kz журналистеріне сәбилердің (2021 жылы туылған қыз, 2019 жылы туған ұл бала) жағдайы қанағаттанарлық, алдағы 7-10 күнде олар дәрігерлердің бақылауында болатыны айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.2  course up  543.85  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer