12 ақпан 2017 13:37

Ақтауда балалар футбол алаңына "Синий киттің" суретін салып қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 "Лада" басылымы "Лада" басылымы

Бүгін Ақтаудағы Балалар ауылының территориясында тәрбиленушілер футбол алаңындағы жаңа түскен қарға "өлім ойыны" аталып кеткен "Синий кит" суретін салып қойған. Сурет "Лада" басылымының редакциясына жолданған. 


Бүгін Ақтаудағы Балалар ауылының территориясында тәрбиленушілер футбол алаңындағы жаңа түскен қарға "өлім ойыны" аталып кеткен "Синий кит" суретін салып қойған. Сурет "Лада" басылымының редакциясына жолданған. 

"Қанша дегенімен, бұл ауылға тағдыры қиын балалар түседі. Алаңнан шыққан балалардың іздері барлық үйшікке барған", - деп жазады оқырмандар хат жазатын айдарда суреттің авторы. Соған қарағанда, бұл суретті нақты кімнің салғанын анықтау қиын.

Мұның алдында ҚР Ішкі істер министрлігі Желіде тарап жаүрген "өлім ойындарына" қарсы жүргізіліп жатқан шаралар жайында айтып берген болатын. 

Жамбыл облысында 8 сынып оқушысы "Синий кит" деген өлім ойынының тапсырмаларын орындап жүргені де анықталды.

Еске салайық, "Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы" республикалық қоғамдық ұйымы азаматтарды балаларын өлімге апаратын "Синий кит" (Тихий дом") деп аталатын ойынынан қауіпсіздендіруге шақырды. 

Ассоциация мамандары осы ойынның әлеуметтік желіде егжей-тегжейлі қалай ойналатыны шыққаннан кейін ескертеді. ВКонтакте желісінде "Синий кит" және "Тихий дом" топтарында балалар мен жасөспірімдерді осылай аталатын ойынға шақырады екен. Қолданушылардың айтуынша, ойынға кірген балалар 50 тапсырма орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Финалдық тапсырма міндетті түрде орындалуы керек, әйтпесе ұйымдастырушылар баланың туыстарын өлтіреміз деп қорқытады екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети