"Синий кит" өлім ойынының тапсырмаларын орындап жүрген тараздық оқушы анықталды

07 Ақпан 2017, 13:24
0
"Синий кит" өлім ойынының тапсырмаларын орындап жүрген тараздық оқушы анықталды - Иллюстрациялық сурет
Иллюстрациялық сурет

Жамбыл облысында 8 сынып оқушысы "Синий кит" деген өлім ойынының тапсырмаларын орындап жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір прокуратурасына сілтеме жасап. Ол әлеуметтік желілерге жасалған бақылау кезінде табылған.

Бала "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшаның белгісіз әкімшісінің ендігі екі тапсырмасын орындап үлгерген. "Тапсырма қауіпсіз көрінгенімен, белгілі бір әуенді бірнеше сағат бойы тыңдау, қолына киттің суретін салу - еркін бағындыруға, санаға әсер етуге бағытталған, ал кейін осы арқылы өлім культін ұйыту мақсаты бар. Қазіргі уақытта балалармен және ата-аналарымен психологтар жұмыс істеп жатыр, облыс мектептерінде суицидке бейімі бар балаларды анықтау бойынша тест жүргізіліп жатыр. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады прокуратура өкілдері.

Мұның алдында ҚР Ішкі істер министрлігі Желіде тарап жаүрген "өлім ойындарына" қарсы жүргізіліп жатқан шаралар жайында айтып берген болатын. 

"Соңғы кездері әлеуметтік желілерде суицидті насихаттайтын "Синий кит", "Тихий дом" топтары тарап жатыр. Ойынға кірген балалар тапсырмалар орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Сонымен қатар, ойын модераторлары ойыншы туралы мәліметтерді біліп отырады. Осы әрекет бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 6-бөлігі ("Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу") тергеу жүргізіледі", - деген еді Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Еске салайық, "Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы" республикалық қоғамдық ұйымы азаматтарды балаларын өлімге апаратын "Синий кит" (Тихий дом") деп аталатын ойынынан қауіпсіздендіруге шақырды. 

Ассоциация мамандары осы ойынның әлеуметтік желіде егжей-тегжейлі қалай ойналатыны шыққаннан кейін ескертеді. ВКонтакте желісінде "Синий кит" және "Тихий дом" топтарында балалар мен жасөспірімдерді осылай аталатын ойынға шақырады екен. Қолданушылардың айтуынша, ойынға кірген балалар 50 тапсырма орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Финалдық тапсырма міндетті түрде орындалуы керек, әйтпесе ұйымдастырушылар баланың туыстарын өлтіреміз деп қорқытады екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай