Ақтауда баланың үстіне жоғарғы қабаттан теледидар лақтырған ер адам алты миллион теңге өтемақы төлейді

29 Мамыр 2015, 18:28
0
Ақтауда баланың үстіне жоғарғы қабаттан теледидар лақтырған ер адам алты миллион теңге өтемақы төлейді - © Tumba Kz
© Tumba Kz

Ақтауда төрт жасар баланың үстіне жоғарғы қабаттан теледидар лақтырған ер адам алты миллион теңге көлемінде өтемақы төлейтін болды, - деп хабарлайды Tumba.kz. Мұндай шешімді Ақтау қалалық соты қабылдады.

"Ақтау қалалық соты "Денсаулыққа абайсызда нұқсан келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс жасағаны үшін азаматты кінәлі деп тапты. Осы бап бойынша ол екі жылға бас бостандығынан айырылады. Осы жылдар ішінде оған тұрғылықты жерін, жұмысын, оқу орнын ауыстыруға, мамандандырылған органдардың рұқсатынсыз басқа жаққа шығуға тыйым салынады", - деді судья.

Сонымен қатар, сот жәбірленуші тарапқа 6 миллион теңге өтемақы және мемлекетке 60 мың теңге көлемінде салық төлеуге қаулы шығарды. Еске сала кетейік, өткен жылдың тамызында ер адам терезесінен теледидарды лақтырып жіберіп, ол төрт жасар Ислам Қатаевтің үстіне құлаған болатын. Нәтижесінде бала комаға түсті. Ұсталған ер адам теледидарды лақтырғанын мойындады, дегенмен ол баланы көрмегенін айтты. Жәбірленген баланың туыстары одан 11 миллион теңге өтемақы талап етті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай