12 тамыз 2015 19:00

Ақтауда бес баланың ата-анасы баспана мәселесіне байланысты суицид жасаймыз деп қорқытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Светлана Антонова/lada.kz © Светлана Антонова/lada.kz

Ақтауда бес баланың ата-анасы баспана мәселесіне байланысты суицид жасаймыз деп қорқытты, - деп хабарлайды "Лада". Наразылық шарасын облыстық әкімдік ғимаратының алдында Марковтар отбасы ұйымдастырды. Отағасы, жүкті әйел мен төрт бүлдіршін және қолына емшектегі баланы ұстаған олардың 77 жастағы әжесі биліктен әділдік орнатуды талап етті.


Ақтауда бес баланың ата-анасы баспана мәселесіне байланысты суицид жасаймыз деп қорқытты, - деп хабарлайды "Лада". Наразылық шарасын облыстық әкімдік ғимаратының алдында Марковтар отбасы ұйымдастырды. Отағасы, жүкті әйел мен төрт бүлдіршін және қолына емшектегі баланы ұстаған олардың 77 жастағы әжесі биліктен әділдік орнатуды талап етті.

Отағасы Дмитрий Марковтың айтуынша, ол Ақтауға Қырғызстаннан келген. Отбасы 2005 жылы Приморсктен үй салу үшін жер телімін алған. "Біз жерді сатқан адамға барып, әзірше Қазақстан азаматтары емесімізді айттық. Ол бізге жерді атымызға аудармай, еш қиындықсыз аласыздар деді, ал ол бізге алдағы уақытта жерді атымызға шығаратын кезде еш қарсылық білдірмеймін деген қолхат берді. Осы келісім бойынша біз жерді сатып алып, үй тұрғыздық", - деді Дмитрий Марков.

Ер адамның сөзіне қарағанда, ол азаматтығын алғаннан кейін жерді сатқан адам оны Дмитрийдің атына шығаруға қарсы болған және 60 мың доллар талап етіпті. Әділдікке қол жеткізе алмаған Марков сотқа шағымданды. Ер адамның айтуынша, сот дауы бес жылға созылған.

"Бірінші сотта сатушы жеңді. Қолхатқа және өзге дәлелдерге қарамастан, сот бізді көшіріп, үйді өз ақшамызға құлатып, жерді иесіне қайтарып беру туралы қаулы шығарды. Біз бұл шешімге кассациялық сотта қарсы шықтық және ол барлық шешімді жойды. Бұған параллель, жерді сатушыға және өзге де тұлғаларға қатысты алаяқтық бабымен қылмыстық іс жүріп жатты. Ақырында алаяқтық істердің қатысушылары іс бойынша куәгер ретінде өтіп, ал жерді сатушыға қатысты қозғалған іс қылмыстық құрам болмағандықтан жабылды", - дейді Марков.

Сот шешімі бойынша, тұрғызылған үйдің иесі осы ер адам, ал жер сатушыға тиесілі. Отбасы жер телімін өз атына әлі шығара алмай жүр. "Біз Бас прокуратураға хат жаздық, олар істі осында - облыстыққа жөнелтті, ал олар қалалыққа берді, сол жақта біздің қасірет басталды. Іс тағы да тоқтап қалды, енді ол бірінші реттегідей құрдымға кететін шығар. Жақында бізді көшіруге тағы келді. Сатушы егер 10 миллион теңге бермесеңдер, жерді үшінші бір адамға сатамын деп хат жазыпты. Біз қайда және кімге барарымызды білмейміз", - деп мәлімдеді ер адам.

Оның айтуынша, отбасы олардың мәселесі заңды негізде шешімін таппайынша облыстық әкімдіктің алдында тұруға ниетті. Олай болмаған жағдайда отағасы мен оның әйелі өз-өздеріне қол салмақшы. "Біз мүмкін емес дүниені сұрап отырған жоқпыз. Біз заң мен әділдіктің орнағанын қалаймыз. Шындық біз жақта. Бізде барлық құжат пен дәлел бар. Прокурор бізді естіп, істі заң бойынша шешуі тиіс", - деді Дмитрий Марков. Айта кетейік, отбасымен келіссөз жүргізу үшін билік өкілдері мен облыстық ІІД мамандары келді. Олар Марковтардың мәселесін шешіп беруді уәде етті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети