07 сәуір 2024 12:44

Ақтауда кафеге келген бір топ адам атыс шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Ақтауда есепшотты төлеуден бас тартқан бір топ адам атыс шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.


Ақтауда есепшотты төлеуден бас тартқан бір топ адам атыс шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, бір топ адам есепшотты төлемей мекемеден кетіп қалмақ болған, кафе қызметкерлері бұған жол бермеуге тырысқан. Артынша қонақтардың бірі тапаншасын алып, төбеге оқ атқан. Кейін төбелес басталған. Оқиғада зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына бірнеше патрульдік полиция экипажы, сондай-ақ арнайы жасақ келген. Барлығы Ақтау қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Кейін Маңғыстау облысының полицейлері Tengrinews.kz тілшісіне дәмханада атыс болмағанын хабарлады. Келуші оттық тапанша қолданған.

"Тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. 102 қызметіне қоңырау түскен жоқ. Оқиғаны полицейлер қаланы патрульдеу кезінде анықтады", - деп қосты полициядағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети