09 желтоқсан 2016 18:51

Ақтауда қан жылаған ата-ана екі жасар қызының өліміне дәрігерлерді кінәлап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайтыс болған екі жасар Сезім. © lada.kz Қайтыс болған екі жасар Сезім. © lada.kz

Ақтауда қан жылаған ата-ана дәрігерлерді екі жасар қызының өліміне айыптап жатыр, - деп хабарлайды "Лада" басылымы.


Ақтауда қан жылаған ата-ана дәрігерлерді екі жасар қызының өліміне айыптап жатыр, - деп хабарлайды "Лада" басылымы.

2 жасар Сезім 4 желтоқсанда балалар жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болған. Қыздың ата-анасы дәрігерлер кінәлі дейді. Олардың айтуынша, Сезім Жұмахан ауруханада жатқан екі күн бойы дәрігерлер оған қарамай қойған. Бұл туралы басылым тілшісіне қыздың әкесі Аслан Нәбиев баяндап берді.

Сезім Жұмаханның әкесінің айтуынша, 1 желтоқсанда оның төрт жасар ұлы Аслан мен екі жасар қызы Сезім Ақтаудағы 7 ықшамаудандағы кафелердің бірінен шаурма жеген. Сол күні түнде екі баласы да іші ауырғанын айтқан. Ал таңға жуық құсыпты.


Сезім Жұмахан. Отбасының жеке мұрағатынан алынған сурет.

"Біз 2 желтоқсанда жедел жәрдем шақырдық. Бізді жұқпалы аурулар ауруханасына алып барды. Қызымды қабылдап, регидрон бере бастады. Әйелім қызыммен бірге қалған. Ал мен ұлыммен 1 ықшамаудандағы ауруханаға кеттім. Ол жақта екі сағаттай болдық, кейін үйге жіберді. Осы кезде әйеліме хабарластым, сөйтсем оларға дәрігерлер мүлдем қарамапты. Ал төрт сағаттан кейін үйге жібере салыпты", - дейді Аслан Нәбиев. 

Келесі күні, Асланның айтуынша, балалары қайтадан ауырып қалған.

"Мен жұмыста болғандықтан, әйелім қызымды қайтадан жұқпалы аурулар ауруханасына әкеліпті. Баламды қабылдамай, балалар ауруханасына жіберіпті, себебі ол қант диабетімен ауырады. Қызымды әйеліммен бірге ауруханаға жатқызды, бірақ оларға дәрігерлер тағы да қарамай қойған. Дәрігерлер мен медбике елемей қойған, ал реаниматолог маман оны жансақтау бөліміне жатқызудан бас тартыпты. Әйелімді сабырға шақырумен болыпты. Әйелім болса емдеуін сұрап, жалынған. Себебі қызым қатты ауырып жатқан. Әйелім ақша берем деген соң ғана дәрігерлер қозғалыпты. Температурасы 34-ке бірақ түскен. Осыдан кейін ғана реаниматолог қызды жансақтау бөліміне ауыстырыпты. Баламмен барған балалар ауруханасындағылар сараптама алып, жұқпалы аурулар ауруханасына қайтадан жіберді, себебі ол уланып қалған деді", - дейді Аслан Нәбиев.

Қыздың әкесін жансақтау бөліміне кіргізбей қойыпты, ал әйелін баласымен бірге ауруханаға жатқызыпты.

"3 желтоқсанда әйеліміз екеуміз дәрігерлерден қызымызға кіргізуін сұрадық. Бірақ қызымның жағдайы жақсарып келе жатыр деп, кіргізбей қойды. Сосын түнде хабарласып, жансақтау бөліміне кіргізді, оны шешіндіріп тастапты. Ол жақта өте суық болды, қызымызды киіндірулерін сұрадық, бірақ олар болмайды деді. Таңғы 5.00-де бізге хабарласып, қызымыздың жүрегі әлсірегенін айтты. Біз бірдеңе істеуін сұрап, жалына бастадық. Бірақ таңғы жетіде Сезім қайтыс болды деп хабарлады. Қызымның денесін алғаннан кейін ғана баламды жансақтау бөліміне жатқызып, бір күннен кейін шығарды", - деп әңгімеледі қайтыс болған қыздың әкесі.

Сезім Жұмаханның ата-анасы қызды дәрігерлер бірінші күні үйге қайтармай, лайықты ем жасаса, қайғылы оқиға болмас еді деп есептейді.

"Аурухананың бас дәрігері бізден шу көтермеуді сұрады. Өздері мәселені шешіп, дәрігерлерді жазалайтынын айтып, уәде берді. Бірақ біз кінәлілер заң аясында жазасын алуы керек деп есептейміз. Ақпан айында қызымыз үшке толар еді. Қызымды қайтару мүмкін емес, бұл біз үшін зор қайғы. Мұндай дәрігерлер балалармен жұмыс істемеуі керек, бірақ олар әлі күнге ауруханада жұмыс істеп жүр", - дейді қыздың анасы Анар Күлбаева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети