24 ақпан 2017 19:41

Ақтауда командирдің бұйрығын орындаудан бас тартқан сарбаз қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© asker.kz © asker.kz

Ақтауда командирдің бұйрығын орындаудан бас тартқаны үшін әскери қызметкер 48 сағатқа қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот № 21814 әскери бөлімінің қатардағы сарбазының бөлім командирінің №241-НР заңды бұйрығын орындаудан бас тартқанын анықтады. Осыған байланысты сот қатардағы әскери қызметкерді ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 652-бабының 6-бөлігі бойынша ("Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу", "Бағынбау немесе бұйрықты өзгедей орындамау") айыпты деп таныды.

Қатардағы сарбазға әкімшілік жаза ретінде 2 тәулікке қамау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, сот үкімінің заңды күшіне енгені айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети