1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Ақтауда Opel Vectra жүргізушісі ірі жол-көлік оқиғасынан кейін аман қалды16 мамыр 2015, 13:04

Tumba.kz сайтынан Tumba.kz сайтынан

Ақтауда өрт сөндіру машинасына соқтығысқан жеңіл автомобильдің жүргізушісі тірі қалды, - деп хабарлайды "Тумба". Жол-көлік оқиғасы 16 мамырға қараған түні орталық базар маңындағы 8 ықшамауданында болды.

Қалалық ТЖ басқармасының басшысы Ерлан Мәуленовтың айтуынша, түнгі сағат үштің шамасында өрт сөндіру көлігі шақыртуға шыққан. Алғашқы екі қиылыстан өтіп, үшіншісіне келгенде Opel Vectra автомобилі келіп соққан.

Жол-көлік оқиғасынан екі көліктің жүргізушісі де жарақат алды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне қайтарылды.

Құтқарушылардың айтуынша, жеңіл автокөліктің жүргізушісінің аман қалуы күтпеген жағдай. Әдетте мұндай апаттан кейін 99 пайызының тірі қалу мүмкіндігі жоқ.


Елордада IT-кеңес құрылды