05 желтоқсан 2016 19:38

Ақтауда сәбидің ұялы телефоннан қайтыс болу дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда сәбидің ұялы телефоннан қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп жазады "Лада". Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады.


Ақтауда сәбидің ұялы телефоннан қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп жазады "Лада". Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Полицейлер сәбидің токтан қайтыс болғанын растады. "Сенбі күні, 3 желтоқсанда, шамамен сағат 09.25-те Маңғыстау облыстық ауруханасында 2016 жылы дүниеге келген сәби қайтыс болды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

"Қазіргі уақытта сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Бұл іс Бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 3 желтоқсанда болған. Әйел адам жеті айлық қызымен ұйықтауға жатқан, жанына ұялы телефонын қуаттауға қойған. "Бала оянып кетіп, электронды құрылғымен ойнай бастаған. Ол токты тісімен шайнап, артынша ток соғуы мүмкін. Баланың ата-анасы өздері ауруханаға алып келген, алайда сәби ол кезде қайтыс болып кеткен", - деді қайғылы оқиға болған отбасының таныстары. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети