30 қаңтар 2015 16:15

Ақтауда сарбаздар рота командирінің үстінен шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©azxeberlenti.com ©azxeberlenti.com

Теңіз жаяу әскері 25744 бригадасының сарбаздар ротасы өз командирінің үстінен шағымданды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, полковник Жұмабек Хасенов айтты.


Теңіз жаяу әскері 25744 бригадасының сарбаздар ротасы өз командирінің үстінен шағымданды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, полковник Жұмабек Хасенов айтты.

"Сарбаздар бригада командиріне және әскери-тергеу басқармасына оның өз уәкілеттігін асыратынын айтты", - деді Хасенов. Бірақ ол командирдің сарбаздарды ұрып-соқпағанын атап өтті. Сарбаздардың айтуынша, аға лейтенант "үнемі айқайлап, зекиді, қуғындайды". 

"Айқайлап, "жылдам жүгіріңдер" дейді екен, боқтап, иықтарынан алады. Бірақ ұрып-соғу болмаған", - деді бас қолбасшының орынбасары. Оның айтуынша, әскери-тергеу басқармасы қызмет уәкілеттігін асыру дерегін тексерген, дерек расталды. Қылмыстық іс қозғалып, командир қызметінен босатылған. 

Бірақ Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары рота командирінің әрекетінен әбестік көрмейді, "қатаң шараларсыз тәртіп болмайды" дейді ол. 

"Бұл - ерлер ұжымы, еркектерді еркектерше тәрбиелеу қажет. Қазіргі жастар қырын қарасаң болды, арыз жазып шыға келеді", - деді Хасенов. 

Ал жұмыстан шығарылған рота командиріне келсек, ол осыған дейін де түрлі әскери бөлімнен "қарамағындағыларға шамадан тыс талапшыл" болғаны үшін ауыстырыллған. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети