Ақтауда үш автокөлік соқтығысты: арасында 13 жастағы жүргізуші болған

14 Қараша, 09:26
0
Ақтауда үш автокөлік соқтығысты: арасында 13 жастағы жүргізуші болған -

Ақтауда 33 пен 34 ықшамаудандарының арасындағы жолда жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнында бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы барысында Toyota Camry, Geely және Hyundai Accent автокөліктері соқтығысқан.

"Аталған оқиға ҚР Қылмыстық Кодексі 345-бабының 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Облыстық полиция өкілдері, атокөліктің артынан қуалады деген ақпаратты жоққа шығарды, алайда көліктердің бірін кәмелетке толмаған бала жүргізгенін айтты. Оқиғаның мән-жайын дәрігерлер айтты. Жол-көлік оқиғасы туралы хабар 9:21-де түскен. 

"Біздің екі бригада үш минутта жіберіліп, бес минутта оқиға орнына жіберілді. Оқиға орнына келгенде төрт адам зардап шеккені анықталған, олардың біреуі - 1980 жылғы ер адлам оқиға орнында қайтыс болды. Toyota Camry автокөлігін жүргізген 13 жастағы баланы полицейлер ауруханаға жеткізген.

1960 және 1986 жылғы екі әйелге медициналық көмек көрсетілді, олар облыстық ауруханаға жеткізілді. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай