Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Ақтауда ұзақ уақыт бесікке таңылған баланың әкесі жазаланды

05 Қыркүйек 2014, 20:21
0
©lada.kz
©lada.kz

Ақтауда ұзақ уақыт бесікке таңылған баланың әкесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ол "Баланы тәрбиелеуде ата-ана міндетін лайықты деңгейде атқармағаны" туралы әкімшілік кодекстің 111-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған бестен онға дейінгі айлық көрсеткіш есебінде айыппұл салынады. Құзыретті органдар нәрестенің әкесін ата-аналық құқынан айыру мәселесін көтерген. Бар мәселе оның алдағы уақытта өз баласын қайта асырап алуына тыйым салуда", - деді баспасөз қызметінен.

Ішкі істер департаментіндегілер нәресте ауруларынан жазылған бойда бүлдіршіндер үйіне жіберілетінін айтқан. "Қылмыстың ізі байқалмағандықтан нәрестенің ата-анасы қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Ол өз баласына жәбір көрсеткен жоқ", - деді баспасөз қызметіндегілер. Олар, сондай-ақ осыдан бір ай бұрын баланың құлап қалғанын, жамбасына гипс тартылғанын, ал нәресте көпшілік назарына ілінген шақта гипстен жағымсыз иіс шыққанын айтып отыр.

Бұған дейін хабарланғанындай, Ақтауда бір жасар нәресте туғандарының қатыгез әрекетінен ауруханаға түскен болатын. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, нәресте туғаннан бастап бесікке таңылған екен. Тексерістен кейін дәрігерлер баланың бұлшықеттерінің бұралаңданып қисайғанын, беті мен басында қанды ісік пайда болғанын, құйрығының жараланып іріңдегенін анықтаған.

Науқас сәби Мұнайлы ауданы фельдшерінің арқасында ауруханаға жеткізілді. Ол күннің көзінде бесікке таңылған баланы кездейсоқ көріп қалған. "Сыртта бесікке бөленген бала жатты. Ыстықта. Оның жүдеулігіне көзім түсті, киімі лас болды. Мен "жедел жәрдемді" шақырдым", - дейді фельдшер. Бұл үйге дәрігерлермен бірге полиция да келді.

Кішкентай Ақнұрдың әжесі болса, сәбиді тиісінше бағып отырғанын айтты. "Біз оны жақсы бағып-қағып отырмыз. Тамақ беріп, жуындырамыз", - дейді әйел. Сәбидің әкесі де балаға қатыгездік жасамағанын айтуда. Оның айтуына қарағанда, Ақнұрдың анасы із-түссіз кеткеннен кейін бұл басқа әйелмен тұрып жатыр, бірінші әйелімен некеге отырмағандықтан, Ақнұрдың туу туралы куәлігінде оның әкесі ретінде жазылмаған.

Қазіргі уақытта полицейлер бұл жайтқа қатысты басқа да деректерді жинастырып жатыр. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай