22 маусым 2017 16:00

Ақтөбе облысында автобус аударылып, 9 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© time.kz © time.kz

Ақтөбе облысында 52 адам отырған автобус аударылып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. 


Ақтөбе облысында 52 адам отырған автобус аударылып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. 

Оқиға Ақтөбе облысындағы Қарабұлақ ауылының маңында болған. Волгоград - Шымкент бағытында кетіп бара жатқан екі қабатты автобус ішінде 52 адам болған. Ондағы 50 адам Өзбекстан, ал екеуі Қазақстан азаматы болған. 

Автобустың аударылуынан Өзбекстанның 9 азаматы мерт болып, 18 адам ауруханаға жеткізілді (оның бірі Қазақстан азаматы). 25 адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. 

Жол апаты болған орынға Қарабұлақтағы Апат медицинасы орталығынан 9 құтқарушы мен 2 техника жөнелтілген. Ал облыстық ТЖД қызметінен 7 адам және бір техника жіберілді. Сонымен бірге, оқиға болған жерге екі жедел жәрдем көлігі мен полицейлер барған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети