03 қаңтар 2021 17:44

Ақтөбе облысында мас жүргізуші полицейлермен жарыс ұйымдастырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында мас жүргізуші полицейлермен жарыс ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысында мас жүргізуші полицейлермен жарыс ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 3 қаңтарда шамамен сағат 5.00-де Самара - Шымкент автожолының 755-шақырымында Opel Vectra жүргізушісінің дұрыс емес жүріп келе жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Полиция қызметкерлері дереу сол көлікті іздестіру шараларын қолға алып, сол аумаққа барды. Алайда патрульдерден жасырынған Opel Vectra жүргізушісі Хромтаудан өтіп, кеткен. Артынша полиция Хромтау - Қарабұтақ бөліміне қызмет көрсеткен келесі автопатрульге мәлімет берді", - деді полициядағылар.

Кейін полиция жасағы Аққұдық ауылы маңындағы тасжолдың 866-шақырымында жасырынған жүргізушіні тапты.

Opel Vectra көлігінде 1985 жылғы жүргізуші болғаны анықталды. Бұрын мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған.

Ведомство мәліметінше, осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Көлік айыппұл тұрағына жеткізілді, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети