Ақтөбе облысында өзбекстандықтар отырған жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында өзбекстандықтар отырған жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 25 ақпанда шамамен сағат 20.40-та Хромтау ауданы Самара-Шымкент тасжолында болған.
"Mercedes көлігінің 35 жастағы жүргізушісі, ОҚО тұрғыны Ақтөбеден Хромтау ауданына бара жатқан жолда көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың шетіне қарай ұшып аударылып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 жолаушы зардап шекті. Олар, Өзбекстан азаматтары, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Автобуста барлығы 25 жолаушы болған", - деп хабарлады полициядағылар.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеу басталды.