13 мамыр 2016 09:13

Ақтөбеде әжетханаға тасталған сәбиді құтқару сәтінің видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде әжетханаға тасталған сәбиді құтқару сәтінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды "Рика ТВ"


Ақтөбеде әжетханаға тасталған сәбиді құтқару сәтінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды "Рика ТВ"

Видеода нәрестенің бірнеше минут бұрын туылғаны көрініп тұр, оның кіндігін оқиға орнына келген дәрігерлер кесті. Ілек полиция бөлімінің қызметкерлері аймақты тексеруге көшті. Оқиға орнын қараған полицейлер белгісіз әйелдің әжетханада босанғанын, сөйтіп, қазылған шұңқырына тастап кеткенін анықтады. Нәресте облыстық перзентханаға жеткізілді. Оның шешесін іздеуге облыстық ІІД қызметкерлері кірісті. 

Перзентханадағылар кейін қыздың аман-сау екенін хабарлады. Оның салмағы 3 келі 80 грамм, бойы 52 сантиметр. Қазіргі уақытта нәресте дәрігерлердің қарауында, дәрігерлер оның жақсы тамақтанып жатқанын айтты.

Еске салайық, кеше Ақтөбенің 41 жастағы тұрғыны Молдағали Орынбасаров көшедегі әжетханадан нәресте тауып алған еді. Ер адам әжетхана есігін ашқан кезде қыз бала қалтаға оралып, шұңқырда жатқан екен. Молдағалидің айтуынша, ол ең алдымен "102" номеріне, кейін жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Дегенмен ол полицейлер мен дәрігерлер келгенге дейін шыдамай, шұңқырға түсіп, нәрестені алып шығады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети