1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ақтөбеде көше бойындағы әжетханадан жаңа туылған нәресте табылды 12 мамыр 2016, 15:32

Ер адам әжетхана есігін ашқан кезде қыз бала қалтаға оралып, шұңқырда жатқан екен.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбенің 41 жастағы тұрғыны Молдағали Орынбасаров көшедегі әжетханадан нәресте тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адам әжетхана есігін ашқан кезде қыз бала қалтаға оралып, шұңқырда жатқан екен. Молдағалидің айтуынша, ол ең алдымен "102" номеріне, кейін жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Дегенмен ол полицейлер мен дәрігерлер келгенге дейін шыдамай, шұңқырға түсіп, нәрестені алып шығады.

Жылаған дауысы арқылы ол нәрестенің қай жерде екенін анықтауға тырысқан. Нәрестенің ағзасына суық тиген екен, дегенмен дәрігерлердің арқасында оның жағдайы тұрақтанды. Айта кетейік, полицейлер қыз баланың анасын іздестіріп жатыр.


Фото © Tengrinews.kz



Join Telegram