01 сәуір 2022 08:55

Ақтөбеде оқушыны сел ағызып кете жаздады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© diapazon.kz © diapazon.kz

Ақтөбеде бірнеше аудандағы су тасқыны салдарынан оқушы қыз суға батып кете жаздады, - деп хабарлайды "Диапазон".


Ақтөбеде бірнеше аудандағы су тасқыны салдарынан оқушы қыз суға батып кете жаздады, - деп хабарлайды "Диапазон".

Оқиға бейсенбіде Батыс-2 шағынауданындағы "Арбат" тұрғын үй кешені маңында болған. Оқушы тротуармен жүріп келе жатып, кейін еріген су шетімен жүргісі келіп, құлап кеткен. Ол су астына басымен батып кеткен, одан ары ағын алып кеткен. Көмекке бірнеше ер адам жүгіріп келген. Олар баланы судан әрең шығарған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Баланы құтқару әрекеті көрінетін кадрлар тарады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Газета Диапазон Актобе (@gazeta_diapazon)

Кешке қарай қаланың су басқан аудандарына Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мен Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров келді.

Оразалин Шахаровты осындай жағдайға жол бергені үшін айыптады.

"Қаланы аралау кезінде барлығы бақылауда екенін, қар уақытылы шығарылатынын және су тасқынына байланысты қандай да бір проблемалар туындамайтынын қанша рет баяндадыңыз. Кім жауапты болады? Шара қабылдаңыздар", -  деді аймақ басшысы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Газета Диапазон Актобе (@gazeta_diapazon)

Оразалин мұндай су тасқынына жол берген барлық жауапты қызметкер жазаланатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети