1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Ақтөбеде өртенген мейрамхананың жаңа суреттері мен видеосы пайда болды20 маусым 2015, 23:26

©Diapazon.kz ©Diapazon.kz

Желіде Ақтөбеде өртеніп жатқан мейрамхананың жаңа суреттері мен видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

 ТЖД кезекші бөліміндегілер Tengrinews.kz тілшісіне өрттің 19.36-да толықтай өшірілгенін хабарлады. "Өрт шалған аумақ анықталып жатыр, ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады департамент өкілдері.

Осы арада "Диапазон" басылымы ағаштан жасалған мейрамхананың түгелдей отқа оранғанын хабарлады. Осыған дейін Оспанов және ағайынды Жұбановтар атындағы көшелердің қиылысында орналасқан "Ланцелот" мейрамханасында өрт шыққаны хабарланған болатын. ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабар кезекші пультіне 17.00-де түсті.