06 ақпан 2017 21:07

Ақтөбеде өртенген пәтердің ішінен ер адамның мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

most.ks.ua most.ks.ua

Ақтөбеде көпқабатты үйдің пәтерінде өрт шығып, ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, қайтыс болған адам мас күйде болып, темекі шегіп отырып ұйықтап кеткен, соның салдарынан осындай қайғылы оқиға болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы. 


Ақтөбеде көпқабатты үйдің пәтерінде өрт шығып, ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, қайтыс болған адам мас күйде болып, темекі шегіп отырып ұйықтап кеткен, соның салдарынан осындай қайғылы оқиға болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы. 

Әбілхайыр хан даңғылында орналасқан "Ақтөбе ажары" тұрғын үй кешенінде шыққан өрт туралы хабарлама төтенше жағдайлар департаментіне шамамен сағат 11.00-де түскен. Ведомствоның баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, 40 минуттан соң өрт сөндірілген. Өрт аумағы 15 шаршы метрді құраған. Пәтердің өртенген бөлігінде адам болған. Өкінішке орай, өрт сөндірушілер келгенге дейін, ер адам қайтыс болып кеткен. Өрт сөндіру қызметінің берген мәліметі бойынша, кісі өліміне басты себеп - оттан келер қауіпті дер кезінде ескермеу.

ТЖ департаментінің мамандарының айтуынша, өрттің қатты түтіндегеніне байланысты 25 қабатты үйден 15 адам эвакуацияланған, оның екеуі кәмелет жасына толмаған. 

Оқиғаның неден болғаны зерттеліп жатыр. Қайтыс болған ер адамның кім екені анықталып жатыр.

"Өрт сөндіруге жеке құрамның 23 адамы және 5 арнайы техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, арнайы медициналық апат орталығының 3 маманы да болған", - деді Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мамандары.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети