Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Ақтөбеде пойыз жолаушысы полицейге қоқан-лоқы көрсетті

23 Желтоқсан 2014, 12:34
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

21 желтоқсанда Ақтөбе теміржол станциясында Ақтөбе - Атырау жолаушылар пойызына жолаушыларды отырғызу кезінде полиция бөлмесіне Атырау қаласының 29 жастағы тұрғыны жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Ұсталған кезінде ол мас болған.

"Полиция бөлімшесіне жеткізу кезінде ол ашулы болды, боқтық сөздер айтты, қызметтік міндетін атқарып жатқан полицейді ел алдында балағаттап, қарсылық көрсетті", - делінген баспасөз хабарламасында. Полицейлердің айтуынша, сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша ұсталған азаматтың орта деңгейде мас болғаны анықталды.

Сонымен қатар, тексеру барысында бұл азаматтың бұған дейін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Осы дерекке сәйкес, ҚР ҚК 321-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат Ақтөбе қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. 

Көліктегі полиция азаматтарға полиция қызметкерлерінің билік өкілі екенін және қызметтік міндетін атқарып жатқан кезде балағаттап, оған қарсылық көрсету қылмыстық жазаға тартылатын іс екенін ескертеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай