17 қыркүйек 2014 14:22

Ақтөбеде тәрбиеші әйел балаларға туберкулез жұқтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балабақша карантинге жабылды. ©mgorod.kz Балабақша карантинге жабылды. ©mgorod.kz

Ақтөбеде №25 балабақша тәрбиешісінің көмекшісі туберкулездің ашық формасымен ауырған және ауруды балаларға жұқтырған, - деп жазады "Мой город".


Ақтөбеде №25 балабақша тәрбиешісінің көмекшісі туберкулездің ашық формасымен ауырған және ауруды балаларға жұқтырған, - деп жазады "Мой город".

Басылымның мәліметінше, жаздың басында әйел өкпе ауруынан қайтыс болған, содан кейін балабақша карантинге жабылды. Талдау нәтижелері балабақшада төрт бүлдіршіннің туберкулез жұқтырғанын көрсетті. Олар тубдиспансерге есепке алынды, балалар химиялық препараттарды қабылдауға мәжбүр.

"Біз тіпті балабақшада мұндай сұмдықтың болып жатқанын білмей қалдық. Баламның өзі операциядан шыққан еді, иммунитеті әлсіреген, ал енді келіп, бала бағушының туберкулезбен ауыратыны анықталды! Бізге балалардың осы себепті тексеріліп жатқанын ескертпеді де. Флюорографиядан өтіп, анализ тапсыру керек деді, болды. Содан кейін менің балам мен тағы үш баланы тубдиспансерге есепке тұрғызды. Неге біздің балаларымыз шенеуніктер мен балабақша әкімшілігінің шалағайлығынан зардап шегуі тиіс? Қазір балаларымыз ішіп жатқан дәрілер олардың бауырын ауыртады. Бізден бұл жай үшін ешкім кешірім де сұраған жоқ", - дейді ата-аналардың бірі.

"Осы жағдайдан кейін "Ерке" мектепке дейінгі мекемесінің басшылары ауысты", - деп жазады басылым. Ақтөбе облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті мамандарының мәліметінше, туберкулезбен ауырған әйел тәрбиешінің көмекшісі болып, 2006 жылдан бері жұмыс істеген. "Ол жыл сайын медициналық тексерістен өтіп тұрған, жұмысқа рұқсаты болды. Соңғы рет флюорографиялық тексерістен 2013 жылдың 23 қыркүйегінде Ақтөбедегі №1 қалалық емханадан өткен, тексерудің нәтижесінде патология анықталмаған", - делінген департаменттің жауабында. Туберкулез диагнозы қайтыс болған әйелдің мәйітін сойған кезде анықталды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети