24 мамыр 2022 10:53

Алаяқтар Тоқаевтың фейк сұхбатын пайдаланып, қазақстандықтарды алдап жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев. © akorda.kz Қасым-Жомарт Тоқаев. © akorda.kz

Алаяқтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың фейк сұхбатын пайдаланып, қазақстандықтарды алдап жатыр, - деп хабарлайды stopfake.kz


Алаяқтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың фейк сұхбатын пайдаланып, қазақстандықтарды алдап жатыр, - деп хабарлайды stopfake.kz

Әлеуметтік желілерде Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жетістікке жету құпиясын бөлісіп, криптовалютамен қомақты қаржы табуға мүмкіндік беретін Immediate Edge бағдарламасы туралы айтқан сұхбаты таралып жатыр. Басылым мәліметінше, мұның бәрі - фейк әрі алаяқтық.

 

Президент мұндай сұхбат бермеген. Мәтіндегі "жетістікке жету құпияларын" да алаяқтар жазған. Дәл осындай "сұхбат" 2020 жылы Аустралияда тараған болатын, бірақ ол кезде әйгілі аустралиялық кәсіпкер Дик Смит пен жазушы Валид Алиден сұхбат берген. Осыдан кейін аустралиялық БАҚ бұл алаяқтардың ісі екенін айтқан еді.

Өкінішке қарай, ол кезде елдің кейбір тұрғындары өз жинақтарынан айырылып қалған болатын. 2021 жылы Immediate Edge Ұлыбританияда жарнама науқанын белсенді жүргізе бастады. Белгілі бір сервистер мен өнімдерге қатысты клиенттердің пікірлеріне арналған Trustpilot.com порталында ел тұрғындары Immediate Edge алаяқтар екенін жазған еді.

Қолданушылардың бірі тіпті олардың жұмысы мен схемасын егжей-тегжейлі сипаттаған. Оның айтуынша, аз да болса қызығушылық танытқан клиенттерге әр түрлі "менеджерлер" ұдайы қоңырау шалып отырады және сауда-саттыққа қатысу, қомақты қаржы табу үшін 250 фунт стерлинг төлеуді ұсынады. Ал төлем жасалғаннан кейін, сауда-саттыққа қатысуға рұқсат берілмегені және "тапқан" ақшаны алу мүмкін еместігі анықталады. Брокер саналатын онлайн-алаяқтарды әшкерелеумен айналысатын ScamCryptoRobots.com порталы да Immediate Edge алаяқ екенін айтқан болатын.

Демек, Қазнетте тараған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Immediate Edge жүйесі арқылы ақша табуға шақырған сұхбаты - фейк.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети