11 ақпан 2014 22:02

Алжирдегі әуе апатынан 103 адам қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет lifenews.ru сайтынан алынды Сурет lifenews.ru сайтынан алынды

Сейсенбі күні Алжирде "C-130 Геркулес" әскери ұшағы апатқа ұшырап 103 адам қаза тапты деп хабарлайды Agence France-Presse басылымы африкалық мемлекеттің қауіпсіздік қызметі таратқан мәліметке сілтеме жасап. Әуе апаты Алжир астанасынан шамамен 500 шақырым алыста орналасқан Ум-эль-Буахи аймағында орын алған. Ішінде 99 жолаушысы бар ұшақ Константин қаласына қарай бет алған. Олар негізінен алжирлік әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері болатын. Сондай-ақ деректерге сүйенетін болсақ, оның ішінде әуе кемесін басқарған тағы төрт адам болған. Ұшақ ауа райының қолайсыздығынан құлады деген болжам жасалуда. Қазір апат болған аймақта құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. Олар әуе апатына байланысты деректерді әлі тексеруде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети