08 наурыз 2018 14:33

"Алма турап жатқан" - Ақтауда мұғалім үзіліс кезінде көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © lada.kz Иллюстрациялық сурет © lada.kz

Ақтауда № 8 орта мектепте сбақ арасындағы үзіліс кезінде мұғалім көз жұмды. Оқиға сәрсенбі, 7 наурызда болған, - деп хабарлайды InAktau.


Ақтауда № 8 орта мектепте сбақ арасындағы үзіліс кезінде мұғалім көз жұмды. Оқиға сәрсенбі, 7 наурызда болған, - деп хабарлайды InAktau.

Куәгерлердің сөзінше, 38 жастағы педагог асханаға барғанында есінен танып қалған. "Осыған дейін қан қысымы мазалап тұрғанын айтқан. Бүгін мерекеге дайындық кезінде алма турап тұрып, есінен танып қалды. Дәрігерлер бірден жедел жәрдем шақырды", - дейді мектеп қызметкерлері. 

Дәрігерлер келгенше әйел адам көз жұмған. Өлім себептері анықталып жатыр. 

"Лада" басылымының жазуынша, Маңғыстау облысының жедел жәрдем диспетчеріне 11:40-та қаоңырау шалынған. 

"Жедел жәрдем дәрігерлерге келген әйел адам ес-түссіз жатқан. Дәрігерлер жарты сағат бойы оны есіне келтіре алмады. Шақырту түскен уақыттан 47 минут кеткенен кейін әйел көз жұмды", - делінген хабарламада. 

"Өлім себебі сараптамадан кейін анықталады. Жансақтау әрекеттері нәтиже бермеді, 12:07-де әйелдің көз жұмғаны тіркелді. Мектеп қызметкерлерінің сөзінше, соңғы бірнеше күнде әйел қан қысымына шағыданып жүрген. Диспансерлік тіркеуде болмаған, дәрігерлер көмегіне жүгінбеген", - дейді Маңғыстау облысының  шұғыл және жедел медициналық жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Рақымжан Елтаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети