09 қараша 2016 | 08:59

Almaty Towers ғимаратындағы өрттен қаза тапқандардың достары жаңа деректерді айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Almaty Towers ғимаратындағы өрттен қаза тапқандардың достары жаңа деректерді айтты. Оқиға болған күні Almaty Towers кешенінде болған тағы екі студент жалыннан аман қалыпты. Ал өзгелерін құтқарушылар дер кезінде таба алмаған. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Almaty Towers ғимаратындағы өрттен қаза тапқандардың достары жаңа деректерді айтты. Оқиға болған күні Almaty Towers кешенінде болған тағы екі студент жалыннан аман қалыпты. Ал өзгелерін құтқарушылар дер кезінде таба алмаған. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Айта кетейік, өрттен қаза тапқан 5 студент ертең жер қойнына тапсырылады. Мерт болғандардың бесеуі - 20-дан енді асқан студенттер. Олар демалыс күндері келісімшартсыз, қауіп-қатерге қарамастан, жалданып жұмыс істеген делінеді. Марқұмдардың туыстары, достары мен ұстаздары сот-медициналық сараптама орталығының алдына жиналып, мәйіттерді тану процесі болып өтті. 

Асфендияров атындағы ҚМУ студенті Шахмұрат Молдахановтың айтуынша, ол оқиға кезінде ғимаратта болғандардың ішінде төрт адамды танығанын айтты. "Олардың екеуі терезеден секіріп түскен. Екеуі іште қалған. Олар полицияға айтқан, іште адамдар бар деп. Бірақ олар ешкімді тыңдамаған, мән бермеген. Олар түнгі бір жарымға дейін сонда жүрген", - дейді студент.

Батут құрастыру орталығында жалданып жұмыс істеген студенттердің екеуі Сәтбаев атындағы техникалық университетте, ал екеуі Қазақ ұлттық университетінде оқыпты. Бесіншісі Асфендияров атындағы медицина университетінің 4 курсында білім алып жүрген. Төрт жігіт Оңтүстік Қазақстан облысының, ал тағы бірі - Алматы маңындағы Байсерке ауылының тумасы.

"Енді үйіне көмектесейін деп, азғантай ақша істейін деген де. Ол туралы үйдегілер білмеген", - дейді марқұм Исмайыл Исраиловтың туысы Әбдікәрім Бахтияров. Ал марқұм Еламан Айдарәлиевтің ағасы Санат Малдыбеков оның қасиеттерін айтып өтті. "Бетке ұстайтын бала - семьясының үлкені, одан кейінгілері кішкентай. Әке-шешесі жас, өзі математик. Сосын осы бала да КазГУ-де бетке ұстайтын, жақсы оқитын студент екен", - деді марқұмның туысы.

"Комнаталасым Нұрлыбек бөлмеде жалғыз болған. Сосын жаңағы Еламан деген бала келген. Сосын жұмыс шықты деп екеуі сағат кешкі 5-терде кеткен. Телефондарын интернетке салып қояды. Керек адам звондайды, осындай уақытта жұмыс бар деп, қосымша разнорабочий болып істеп ақша табады", - деді марқұм Нұрлыбек Сартбаевтың досы Қуаныш Серікбаев.

Еске салайық, 2016 жылдың 6 қарашасында Almaty Towers ғимаратында өрт шығып, 80 адамның эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, өрттен кейін төрт адамның мәйіті табылғаны айтылды. Ал кейінірек ғимаратындағы өрттен қаза тапқандардың студенттер екені анықталды.

Айта кетейік, университеттердің басшылығы мен ұжымдары қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл білдіріп, студенттердің отбасына материалдық көмек беріп жатыр. Осылайша, ҚазҰМУ-дың экономикалық кеңесі көз жұмған студенттің отбасына 300 мың теңгедей бөлді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети