Алматыда 6 автокөлік жол-көлік оқиғасына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 6 автокөлік жол-көлік оқиғасына ұшырады ©СТВ/"Территория происшествий"

27 қараша күні кешкісін Алматыда алты автокөлікке зақым келтірген ірі жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 


Lexus және Nissan көліктері Шығыс айналма автокөлік жолымен (ШААЖ) шығыс бағытта қатты жылдамдықпен келе жатқан. Әзірше белгісіз себептермен Lexus Nissan-ды соққан. Бұдан Nissan оң жаққа қарай ұшып кетеді, ал Lexus сол жақта қоршауға ұрынды. Алматыдағы жол-көлік оқиғасы кезінде қоршаудың сынықтары мен оған соғылған көліктің бөлшектері қарама-қарсы бағытқа ұшты. Бұл кезде батыс бағытта Kia, Lada, Audi және Nissan Sunny автокөліктері келе жатты. 

Қарама-қарсы бағытта келе жатқан көліктердің алдыңғы әйнектері мен дөңгелектеріне зақым келді. Audi көлігі жүргізушісінің айтуынша, Lexus-те жүргізуші мен оның жолаушысы болды, оқиғадан кейін жарақат алғанына қарамастан, олар бұл жерден қашып кеткен. Зардап шеккендердің бәріне алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді. Nissan жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Полицейлер жол-көлік оқиғасы орнынан ізін жасырғандарды іздестіріп жатыр.

 

Еске сала кетейік, 25 қараша - Алматыда қалың қар жауған күні бір тәулік ішінде 122 жол-көлік оқиғасы болған еді. Полицияның мәліметінше, ауа райының салдарынан, негізінен, ұсақ жол-көлік оқиғалары тіркелген.  

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +20
Ақтау +22
Ақтөбе +25
Атырау +27
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +23
П
Павлодар +24
Петропавл +19
С
Семей +20
Т
Талдықорған +28
Тараз +30
Түркістан +24
О
Орал +16
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер